Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары — майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз.
Міне, осындай мақсатпен 9 мамыр Жеңіс күні Тоқты аулында шеру өтіп, оған Тоқты бастауыш мектебінің оқушылары қатысты. Шегу барысында ауыл әкімі Куланова З.С. сөз сөйлеп, Тоқты ауылының тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі «Ұлы» мерекемен құттықтады. Соғыс ардагерлерінің құрметіне ауыл ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, шеру соңында Тоқты бастауыш мектебінің оқушылары ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты.